ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

 

Ұлытау ауданы 1939 жылы қараша айында құрылған. Бұл аудан Қарағанды облысының оңтүстік батысында орналасқан. Аудан солтүстік шығысында Қарағанды облысының Нұра ауданымен, солтүстік батыста Қостанай облысымен, оңтүстігінде Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарымен, оңтүстік шығыста Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданымен, ал солтүстік батыста Ақтөбе облыстарымен шекаралас. Ауданның территориясы 12 293 105 га.

Аудан құрамына 12 ауылдық және 3 кенттік округтер, 44 елді мекен кіреді.

Ауданның тұрғындар саны – 15190 адам. Аудан орталығы – Ұлытау селосы, мұнда 2196 адам тұрады. Облыс орталығынан аудан 700 км қашықтықта орналасқан.

 

ӨНДІРІС

 

Ауданда үш өндіріс орны бар:

1. Жезді кентінде мыс концентратын өндіретін «Жезді кен байыту фабрикасы» кенбасқармасы. Орналасқан жері Жезді қалашығы. 2004 жылдың 1 сәуіріне осы мыс басқармасында 260 жұмыскер істеген, қазіргі күнге Жезді фабрикасы консервацияда тұр. 1997 жылы «Қазақмарганец» АҚ мүлкі ТНК «Казхром» Ақсу ферроқұю зауытына берілген. Осы уақытқа  дейін фабрика мерзімдік өндірістік жуу-шаю құрылғысымен, марганец рудасы шикізатын үгіту және іріктеу жұмыстарымен шұғылданған.

     2. «Ақтас» АҚ-ы жоғары сапалы кварцты қамту, өңдеу жұмыстарымен айналысады. Орналасқан жері Ақтас кенті. Қазіргі уақытта байыту фабрикасын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

3. Қарсақпай металлургиялық зауыты. Орналасқан жері Қарсақпай қалашығы. Зауытта жұмыс істейтін жұмыскерлер саны 200 адамды құрайды.  Бұл өндіріс «Қазақмыс» корпорациясының құрамына кіреді, ол осы өндіріске қажет заттарды өндіреді. Зауытты Қазақстанға еңбегі сіңген байырғы металлург Қадыр Мәткенов басқарады.

 

БІЛІМ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ

 

Ауданда 14 орта, 2 толық емес, 1 бастауыш, 1 мектеп-интернат, 1 арнаулы кәсіби мектеп жұмыс істейді.Ұлытау ауданында 1 спорт мектебі, 1 саз мектебі жұмыс істейді. Барлық мектептерде компьютерлік кластар орнатылған, оларда шет тілдері, ағылшын неміс тілі пәндері жүргізіледі.

Ауданда орталандырылған  35 койкалық емхана бар. Ол Ұлытауда орналасқан. Жезді қалашығында 20 орындық учаскелік аурухана жұмыс атқарады. 1 жедел жәрдем көмегі, 9 отбасылық емхана жұмыс атқарып отыр.10 фельдшерлік пункт аудан бойынша жұмыс істейді. Ұлытау ауданы орталығында 35 төсектік аурухана және поликлиника халыққа қызмет етуге берілді.

 

ҚҰРЫЛЫС, БАЙЛАНЫС, СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ, КОММУНАЛДЫҚ ЖҮЙЕ

 

Аудан бойынша тұрғын үйлер саны 2318, оның ішінде 12 бесқабатты  үйлер, 6 үш қабатты үйлер, 33 екіқабатты және 2261 бірқабатты үйлер.

2005 жыл бойында аудан бойынша “Шағана” ЖШС-мен Сарысу селолық аймағының су құбырлары жүйелерін қайта өңдеу жұмыстары жүргізілуде. “МТС Гарант 2030” ЖШС-мен Қаракеңгір селолық аймағына су құбырлары жүйесін орнату жұмыстары жүргізілді.

 Ұлытау ауданы территориясы бойынша мемлекеттік маңызы бар  835 км созылған Қызылорда – Жезқазған – Ұлытау – Арқалык жолы өтеді, оның 210 км асфальтталған жол.

Аудан бойынша 17 елді мекенде 1500 телефондық абонентті номері бар АТС қызмет көрсетеді. Магистральды-кабельді телефондық жүйенің ұзындығы 609 км, ал селолық телефон байланысы 307 км болады.

Ұлытау селосы және Жезді қалашығының орталығын ауыз сумен барлығы 16 км ұзындықта Ұлытау-Саламат және Жезді-Қарабұлақ су құбырлары қамтамасыз етеді.

 

ҰЛЫТАУ

НОМАД

 

 

Тарих

Ақиқат пен аңыз

Жер бедері

Су қорлары

Өсімдіктер мен жануарлары

Пайдалы қазбалары

Ауа райы

Ұлытау ұландары

Лирикалық толғаулар

Мәдениет

Тарихи ескерткіштер

Фотоальбом

Экономикалық-әлеуметтік жағдайы

Жаңалықтар

 

№1Ұлытау орта мектебі

Ұлытау ұлттық тарихи, мәдени және табиғат қорық мұражайы

 

Әдебиеттер

Форум

Хат қоржын

 

 

 

Hosted by uCoz