Орыстарға Кремль қандай қадірменді болса, меніңше қазақ елі үшін Ұлытау да соншалықты қастерлі...

                                                                                                                                        Қ.И.Сәтбаев.

 

1 2 3

Сонау бір заманда Тұран ойпатындағы осы бір тауда Зәрдеш (Зоратуштура) есімді ұл омір сүріпті. Кейінде бүкіл әлем адамзаттың үлы ұстазы деп таныған сол Зөрдеш тау басына шығыпты. Тас үңгірде тұрыпты. Таң атқаннан кеш батқанша таудың ішін аралап, көкке шаншылған ғажап шындардың сұлулығына таңданып, маңайна хош иісті жұпар шашқан көгілдір көркем аршасына, ақ балтыр ару қайыңы  мен хас батырдай қасқайып өскен жас теректеріне сүйсіне қарайды. Тауда туып, таста өсіп, дала сырына қанығып жүрген бала жігіт бірде таудағы үңгірде ұйықтап қалады.

Түннің бір уағында Зәрдешті ғажайып бір күш орнынан тұрғызып, таудың сонау ең биік ұшар басына аяғының ұшын жерге тигізбей алып ұшып, көтеріп шығарады.

Тау басына шыққан Зәрдеш өн бойындағы бір оң өзгерісті байқайды. Есін жиып, жан-жағьна қарағанша болмайды, аспан әлемінен маңайын алтын сәуле, нұрға бөлеген ғажайып шуақ төгіле береді. Нұр сәуле қапелінде не болғанын аңғармай қалған Зөрдештің жүрегін жырға толтырып, коңілін қуанышқа бөлейді. Шуақты нұр тұтас тауды бұрын-соңды жер беті көрмеген ғажайып алтын игүғылалы сәулеге шомыл-дырады. Мол шуаққа боленген Зәрдеш сол сәтте жаратушы Алланың нұр сипатын көреді. Алланың нұрына бөленген Зордеш өзіне жаратушының аян беріп түрганын біледі. Адамзат бала-сына тура жол нүсқауды, жақсылыққа бастауды Алла тағала Зәрдешке жүктейді. Сөйтіп, ұлы ғұлама осы шап-шағын кішкентай таудың үстінде Алланың шуақ нұрына бөленеді.

Ертеңіне Зәрдеш етектегі елге елдіктің жайын, адамгершіліктің мәнін уағыздайды. Сол заманда біреу қайтыс болса, сол үйдің ет жақындарының бірін бірге көметін бір ғұрпайылық бар екен. Зәрдеш алдымен осыған тоқтау айта­ды. Бұрыннан қалыпгасып қалған дәстүр-салты бар ел Зәрдеш айтты деп тоқтай қалсын ба?

- Осының езін өлтірейік.

     - Бізге жөн-жоба айтатын бұл кім? — деп Зәрдешке қалың топтың ішінен он шақты адам тұра ұмтылады. Олар жақындап, Зәрдешке қол сала бергенде, көктен жасын ойнап, ызалы топты түгелімен ұйпап жібереді. Оны көріп тұрған қалың топтың ішінен Зәрдешке батып енді ешкім қайта ұмтыла алмайды. Көп ішіндегілер арасынан:

- Оу, халайық, мына балада қасиет тұр ғой.

- Осының айтқанына көнейік, — деп Зәрдештің сөзін құп алады. Сол жерде Зәрдеш халыққа Алладан аян алғанын, жаратушының осы тауға нұры тигенін, осы оңірдің касиет шуағына бөленгенін айтып:

Бұл тау бұдан былай барлық таудың ұлығы — Ұлытау болып аталады, — деген екен. Содан бері бұл тау жай тау емес, Алланың аян нұрына шомылған қасиетті Ұлытау болып аталыпты. Алланың нұры тиген тау содан кейін жер бетіндегі барлық таудан өзгеше ұлық атанып, ұлы болған екен. Алланың нұр шапағатымен қатпар-қатпар тасты  жарып тереңнен шыққан толқынды тас бұлақты күндіз-түні, қысы-жазы алты басты айдаһар күзеткен дейді. Тас бұлақ таудың әр тасына нәр беріп, жер бетіндегі барлық сулардың түйіскен жүрегі, арналы анасы аталған екен. Бұл сөздің шындыққа келетін де қисыны бар. Оның дәл айғағындай жер бетіңдегі үлкен-кіші өзен, көл, теңіз бен мұхиттың түп тамырына көз салсаңыз тарау-тарау, сан-салалы тармақтардың бәрі келіп осы Ұлытаудың тас үңгірінен басталып, дүниенің төт бұрышына таралған бұлақ түбінде түйісетін секілді. Осы бұлақтан бастау алған төрт тармаққа зер салсақ әлем қартасындағы барлық судың негізгі көзін көргендей боласыз. Сонау Солтүстік мүзды мұхитына құйып жатқан Обь өзені осы Ұлытау түбіңдегі айдаһар күзеткен, Зәрдеш су ішкен бұлақтан бастау алатын Терісаққаннан басталады. Терісаққан Есілге, Есіл Обь өзеніне құйып жатыр. Одан әрі Солтүстік мұзды мұхитының ернеуіне асып түседі. Ал мына жағы оңтүстікте Қаракеңгір, Сарыкеңгір жарыса ағып таласқан бойы Бетпақтың шөлін кесіп өтіп, Сарысуға қосылады да әрісі жеті өзен — Жетісуға құлап Іле бойлап Азия асып кетеді. Шығысында осы бұлақ Жақсыкөң өзені арқылы теңізге жетеді. Батысын бойлай жүрген адам озен арнасымен Қараторғай, Сарыторғай, Үлыжыланшақты бойлап Торғайды толтырып, Ырғызбен Аралдан асып, теңізге жетеді. Аңыз түбі шындық деген осы болар.

1 2 3

 

ҰЛЫТАУ

 

 

Тарих

Ақиқат пен аңыз

Жер бедері

Су қорлары

Өсімдіктер мен жануарлары

Пайдалы қазбалары

Ауа райы

Ұлытау ұландары

Лирикалық толғаулар

Мәдениет

Тарихи ескерткіштер

Фотоальбом

Экономикалық-әлеуметтік жағдайы

Жаңалықтар

 

№1Ұлытау орта мектебі

Ұлытау ұлттық тарихи, мәдени және табиғат қорық мұражайы

 

Әдебиеттер

Форум

Хат қоржын

 

 

 

Hosted by uCoz