Ұлытау жері пайдалы қазбаларға өте бай. Мұның себебі жер көлемінің үлкендігінде ғана емес, оның геологиялық құрылымына да байланысты. Бұл өлкенің жер асты байлықтары бағзы замандардан бастап белгілі болған. Жезқазғандағы әлемге әйгілі мыс кеніші біздің жыл санауымыздан он ғасырдай уақыт бұрын жұмыс істеп тұрған. Бұл өңірде қола дәуірінде мыстан өзге алтын, күміс, қалайы қорытылғандығы жайлы деректер аз емес. Оны осы өңірдегі жер-су атауларынан да байқаймыз. Мысалы, Жезді (бойында жез көп өзен), Жезқазған (жез өндірген жер), Алтыншоқы (алтын шыққан тау), Қорғасынтау (қорғасынға бай тау) және т.б. Аудан көлемінде өндіріліп жатқан немесе барланған пайдалы қазбалар тізбесі төмендегі кестеде келтірілген.

Ежелгі Ұлытау жері – мыс қуыру жөнінен әлемдегі ең ірі кен көздерінің бірі. Осы байлықты жоспарлы түрде кешенді игеру 1926 жылы басталды. Мыс кеніштері Сәтбаев қаласының батыс және солтүстік жағына шоғырланған.  Ауданның оңтүстігінде Жаманайбат кен көзі жұмысқа қосылды. Жезқазған төңірегінен қазылатын кен құрамында сирек және шашыранды түрде кездесетін алтын, күміс, рени, осьмий, кадмий, висмут, кобальт секілді бірнеше аса бағалы әрі сирек металлдар бар.

Аудан көлеміндегі қара металлдардың жиі шоғырланған жері Қарсақбай төңірегінде. Оған Балбырауын, Керегетас, Сазтөбе, Жетіқыз, Жезді, Найзатас кен көздері жатады. Олардың барлығын Қ.И.Сәтбаев Ұлы Отан соғысына дейін ашқан. Кейініректе Қарсақбайдың оңтүстік жағынан темір кенін Жуантөбе кенді алқабы ашылды. Алғашқы барлау нәтижелері бойынша оның кен қоры 8-10 млрд. тоннаға жетеді деген болжам жасалды. Бұл – Жуантөбе - әлемдегі ең үлкен кен орнны деген сөз.

Кенсіз пайдалы қазбалар тобына жататын асбестің қоры жөнінен Ұлытау өңірі еліміз бойынша екінші орын алады. Ешкіөлмес, Қарсақбай қыратындағы өндірістік мән-маңызға ие асбестің барланған қоры 10 млн. тоннаға  жуық. Ұлытау ауданы аумағында орналасқан басқа Айыртау, Дүйсенбай, Шайтантас және Қумола кен орындары белгілі болып отыр. Бұл кен көздері есепке алынып, мемлекет қорына кірген.

Ұлытау ауданы жергілікті құрылыс материалдарына да өте бай. Жезқазған қаласы мен Жезді кенті төңірегінен әктас, Сәтбаев қаласы маңынан және Сарысу өзені алқабынан қиыршық (кварцті) құм, теректі станциясының қасынан гранит өндіруге мүмкіндік мол.

Жанатын пайдалы қазбалар ішінен Ұлытау жерінде қоңыркөмір, алғаш рет  Байқоңырда және Қияқтыда XIX ғасырдың бас кезінде табылып, өндірістік маңызы анықталған болатын. Байқоңыр көмірі 1892-1910 жылдар арасында Железновтың қорғасын зауытына (Шеңбер ауылындағы) және 1912-1918, 1928-1969 жылдарда Қарсақбай мыс балқыту зауытына негізгі отын ретінде пайдаланды. Қоңыркөмірдің Қияқты бассейнін өткен ғасырдың 30 жылдарында Қ.И.Сәтбаев зерттеп, оның қорының 100 млн тоннадан артық екендігін анықтап берді. Бүгінде жеке кәсіпкерлік жолмен игеріліп жатқан Қияқты кен орны аудан халқының бір бөлігін сапалы отынмен қамтамасыз етіп отыр.

Мұнай мен газ Ұлытау өңіріндегі Құмкөл алқабынан табылып отыр. Кен көзі Қызылорда облысына уақытша 2017 жылға дейін пайдалануға берілген жерде ашылғандықтан, сол облыстың мұнайшыларының күшімен игерілуде. Мамандардың есептеуі бойынша ондағы жер қойнауында 350 млн тонна мұнай және 100 млн текше метр табиғи газ бар деп болжанған. Құмкөлден шығатын мұнай Құмкөл-Қарақойын-Сарысу-Атасу мұнай құбыры арқылы Павлодар-Шымкент және Атасу-Алашанькоу магистралды мұнай айдау жүйесіне қосылған. Ұлытау жерінде Қумоладағы родусит (көгілдір асбест) және ақтастағы пьезокврц пен тау хрусталі сияқты аса сирек кен орындары бар. Родусит бүкіл Евразия көлемінде тек қана осы Ұлытау өңірінен табылып отыр.

 

Кенді пайдалы қазбалар

Жанатын пайдалы қазбалар

Кенсіз пайдалы қазбалар

Кең тараған металдар

Сирек металдар

Химиялық шикізаттар

Құрылыс материалдары

Темір

Марганец

Алюминий

Мыс

Қорғасын

Ваннадий

Алтын

Күміс

Уран

Осьмий

Рений

және т.б.

Таскөмір

Қоңыркөмір

Лигнин

Мұнай

Газ

Күкірт

Родусит

Пьезокварц

Саз

Асбест

Қиыршық тас

Құм

Гранит

Мрамор

Әктас

және т.б.

 

ҰЛЫТАУ

НОМАД

 

 

Тарих

Ақиқат пен аңыз

Жер бедері

Су қорлары

Өсімдіктер мен жануарлары

Пайдалы қазбалары

Ауа райы

Ұлытау ұландары

Лирикалық толғаулар

Мәдениет

Тарихи ескерткіштер

Фотоальбом

Экономикалық-әлеуметтік жағдайы

Жаңалықтар

 

№1Ұлытау орта мектебі

Ұлытау ұлттық тарихи, мәдени және табиғат қорық мұражайы

 

Әдебиеттер

Форум

Хат қоржын

 

 

 

Hosted by uCoz