Орыстарға Кремль қандай қадірменді болса, меніңше қазақ елі үшін Ұлытау да соншалықты қастерлі...

                                                                                                                                        Қ.И.Сәтбаев.

 

1 2 3

 

Монғол империясының 1331 жылғы картасы осы империялық біртұтастықтың бұлтартпайтын құжаты болып табылады. Бұл сызбада Монғол империясы сызықтармен бірнеше бөліктерге бөлінсе де, олардың бәрі тұтас бір елді құрайды...

Осы сызбаға сәйкес Русь жері (Монғол сызушысы “А–ло-ш” деп белгілеген...) бүкіл дүниемен пара-пар болатын Азиялық ұлы әлемнің солтүстік-батыстағы ең шеткі түпкірі болып табылады. Алайда, Русь жері бұл әлемнің дербес бөлігі емес; ол ұлы ханға тікелей бағынбайды. Орыс жері Жошы ұлысына кіретін Үзбек патшалығының құрамында тұр (Г.В.Вернадский).

Вернадскийдің бұл мәліметінен осы уақытқа дейін айтылмаған тосын тұжырым туындайды. Ол бойынша жаулап алынған орыс жерлері Жошы ұлысының құрамына “Алаш” (Алош) деген атпен кірген.

Бұл дерек Шоқан Уәлихановтың “Қазақ шежіресіндегі” пайымдауларының ауқымын одан әрі кеңейте түседі. Ол айтып отырған “Үш Алаш”, “Алты Алаш”, “Үш мың Алаш” сияқты ұғымдардың Моңғол империясына қосылған елдер мен ұлыстардың санын көрсетеді.

Төре тұқымының (Шыңғысхан ұрпақтарының) Алашқа жатпайтындығының да сыры осында: олар – жаулап алушылар, ал Алаш балалары -  жауланған елдердің адамдары. Бүгінгі тілмен айтсақ, “Алаш ” дегеніміз – империя деген сөз. Дәл қазір оған сол заманда қанша елдің, қанша ұлыстың, қанша қауымның кіргенінің өзін түгендеп санап шығу оп-оңай шару емес. Тарих бір орнында тұрған жоқ, қанша рет дүние мың айналып, бірнеше дәуірлер өтті. Талай мемлекет жер бетінен жоғалып, жаңа ұлттар дүниеге келді. Соның бірі – кешегі қазақ хандығы, бүгінгі Қазақстан Республикасы.

Ал, енді Алашахан кім? Қалың қазақ үшін қадірлі, қасиетті Ұлытаудағы Алашахан мазары кімдікі? Бұл мазарда Ахмет ханның да, Абулжаның да, Алашаның да, Хақназар ханның да сүйектерінің жатпағандығы қазіргі кезеңде анық белгілі болып отыр.

“Алаш “ сөзі империя ұғымын беретін болса, онда “Алашахан” император деген мағынаға ие екендігі айтпасақ та түсінікті. Монғол империясын басқарғандардың (империя 1206 жылдан 1294 жылға дейін өмір сүрді) Шыңғыс қағаннан өзгелерінің (Өгедей, Күйік, Мөңке, Құбылай) барлығының бақида жамбастары тиген жерлері белгілі. Екіншіден, Шыңғыстан басқалары Ұлытау аймағынан алшақта өмір сүрді, билік жүргізді. Сондықтан қисынға келсек, Алашахан мазары тек қана Шыңғыс хандікі болуға тиіс. 

1 2 3

 

ҰЛЫТАУ

 

 

Тарих

Ақиқат пен аңыз

Жер бедері

Су қорлары

Өсімдіктер мен жануарлары

Пайдалы қазбалары

Ауа райы

Ұлытау ұландары

Лирикалық толғаулар

Мәдениет

Тарихи ескерткіштер

Фотоальбом

Экономикалық-әлеуметтік жағдайы

Жаңалықтар

 

№1Ұлытау орта мектебі

Ұлытау ұлттық тарихи, мәдени және табиғат қорық мұражайы

 

Әдебиеттер

Форум

Хат қоржын

 

 

 

Hosted by uCoz