Ұлытау ұлттық тарихи-мәдени және табиғат қорық-мұражайы Республикалық маңызы бар мұражайлардың бірі. Тарихи-археологиялық ескерткіштер мен сирек кездесетін аң-құстарды қорғап сақтау жөнінде Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 29 қарашадағы №466 қаулысымен “Ұлытау” ұлттық тарихи-мәдени және табиғат қорық-мұражайы құрылды. Осы ашық аспан астындағы мұражайдың алып жатқан жер көлемі 1883 шаршы км.

Ұлытау ауданы бойынша 680 тарихи-археологиялық және архитектуралық ескерткіштер орналасқан. Оның ішінде республикалық және жергілікті маңызы бар ескерткіштер. Атап айтқанда: Алашахан мазары, Жошыхан мазары, Домбауыл, Хан ордасы, Алтыншоқы, Едіге, Басқамыр, Аяққамыр, Болғанана, Теректіәулие, Ақмешіт әулие тау, Ерден мазары, Сандыбай бабамыздың мазары т.б. тарихи-археологиялық ескерткіштерді қорғап, келешек ұрпаққа сақтап қалу мақсатында жұмыстар атқаруда.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 20 қараша №295 бұйрығымен “Мемлекеттің тұтастығы мен Қазақстан халықтарының бірлігінің белгісі” “Ұлытау” қорық-мұражайына 2006 жылы 6 желтоқсанда қабылданды.

Ұлытау өзінің ежелгі де әралуан әдемі ескерткіштерінің көптігімен кім-кімді де тәнті етеді. Жаз айларында саяхатшылардың көп келуіне байланысты тарихи-мәдение ескерткіштерде тазалық сенбіліктері ұйымдастырылып тұрады.

Бұның сыртында ашық аспан астындағы тарихи-мәдени ескерткіштерге келген саяхатшыларға, зиялы қауым адамдарына экскурсиялық қызмет атқаруға және жалпы ескерткіштерді, табиғи орман-тоғайларды, аң-құстарды қорғауға әр ауылдық округ бойынша қорықшылар жұмылған. Олар ай сайын атқарған жұмыстарына есеп беріп отырады.

Ұлытау өңірі өзінің тарихқа толы тарихи ескерткіштерімен ғана белгілі емес, табиғатында да ерекшеліктер басым.

Географиялық, ботаникалық зерттеудің анықтауы бойынша бұл өңірде жалпы өсімдіктің 617 түрі белгілі. Ол мынадай бөліктерден тұрады: өсімдіктер 557, ағаштардың 7 түрі, бұтақтардың 36, жартылай бұтақтардың 17 түрі бар. Ал 90 түрлі өсімдіктің дәрілік қасиеті бар. Оның ішінде: шөптер – 68, ағаштар – 6, бұтақтар – 16. Өте сирек кездесетін өсімдіктердің 19 түрі бар.

Ұлытау ауданы Орталық Қазақстанның жартылай құрғақты бөлігіне кіреді. Биік таулар: Ұлытау, Қызылтау, Айыртау, Арғанаты, Кішітау, Едіге, Әулие тауларының тізбегімен өзіндік ерекшелігі бар. Қатпарланған тасты таулар етегінде бұлақтар ағып, өзендер мен көлдерге құйылып жатыр. 11 көл, 12 өзені бар.

Жануарлар әлемі де әртүрлі. Мұнда аласа таулы қыратқа тән жануарлардың түрі мекендейді.

Сирек жойылып бара жатқан Республикалық “Қызыл кітапқа” енген жануарлар түрі: арқар, киік, ондатр, қабан, сілеусін т.б. Құстар да өті көп мекендейді. Аққу, италақаз, үкі, қарлығаш, жарғанат, қаршыға, дуадақ, бүркіт т.б.

 

Жаңғырту жұмыстары.

 

11.12.2004 жылы Қарағанды олысы бойынша облыстық маслихаттың Х сессиясында 2005-2007 жылдар Мәдени мұра бағдарламасы қабылданған.

Ұлытау ауданында тарихи-мәдени ескерткіштер көп орналасқан. Солардың ішінде Дүзен, Болғанана, Жошы хан т.б. мазарлар жаңғырту жұмыстарын қажет етеді. Биыл осы Дүзен, Болған ана, Жошы хан мазарларына жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Жошы хан мазарына “Байқоңыр” фирмасы Қарағанды облысының Мәдени мұра департаментімен келісім шартқа отырып, Жошы хан мазарының қабырғаларының жарылған қуыстарын бітеп, күмбезіне гидроизоляция жасаған. Алдындағы жарылған кірпіштерін табиғи тастармен ауыстырған.

Дүзен мазарында жобалы сметалық құжатқа байланысты жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Мазардың маңайында, іші және сыртында қоқыстан тазалау жұмыстары жүргізілуде, тақтайлардың көмегімен олқы тұрған қабырғаларды тұрғызу, тазалау, қуыстарын бекіту және арнайы саз-балшықпен сылау, кірпіштен жасалған еден және мәйіттің үстіңгі бетін жаңғырту, төбесіне гидроизоляция жасау. Күмбездің жоғарғы жағын арнайы саз-балшықпен  сылау жұмыстары жүргізілуде. Күмбезге, қабырғаларға және т.б. әлсіз жерлеріне құлау қаупінен сақтау жұмыстары жүргізілді. Айналасына құм төгу арқылы мазар қабырғасынан ішіне қарай су кіргізбеу жұмыстары  жүргізілді. Мазар алдына плита тастарынан жол төселіп, бетондалуда. Сонымен қатар, айналасының сыртқы көркі қалыпқа келтірілуде.

Болған ана мазарының маңайына қоқыс тазалау жұмыстары және ағаш, өсімдіктері тазалау жұмыстары, сонымен қатар жаңғырту жұмыстарының бірінші кезеңі жүргізілді. 2007 жылы Күмбез фирмасы жаңғырту жұмыстарын аяқтайды.

 

Ұлытау қорығында атқарылған археологиялық зерттеулер.

 

Ұлытау тарихи-табиғи қорығының аумағына Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында үш ескерткіш зерттелу үстінде. Зерттеуді ҚР Білім және ғылым министірлігі,Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы жүргізуде (жетекшісі т.ғ.к. Институтының бөлім меңгерушісі Ж.Құрманкұлов.). Зерттеуге Қазақстан ұлттық Әл-Фараби атындағы және Қарағанды, Жезқазған, Қызылорда, Евразия университеттері, Италиядағы Рим, Болонья университеттері мен ғылыми орталықтарының мамандары мен студенттері Жезқазған және Жезді мұражай мамандары қатысты.

Мемлекеттік бағдарламаға енген тарихи мәні зор ескерткіштің бірі, Талдысай ауылының маңында орналасқан тас дәуірінің Аяқбұлақ, Сарбұлақ, Тоқтауыл, Талдысай I, II, III тұрақтары, үңгір, қола дәуірінің қонысы мен қорымы, ерте темір ғасырының «мұртты» обасы, ортағасырлық Басқамыр қаласы және Күзет мұнарасы. Мұнда атқарылып жатқан зерттеулердің мақсаты: Су шайып жатқан қола дәуір металургтерінің мекені мен қорымын зерттеп, басқа да ескерткіштермен қоса болашақта ірі туризм орталығына айналдыру.

Әзірге зерттеліп жатқаны Тас дәуірінің Тоқтауыл, Аяқбұлак тұрақтары мен қола дәуірінің қонысы мен қорымы және де үңгірдің ауыз жағына шағын қазба салынды.

Тоқтауыл мен Аяқбұлақтағы қазбалардан тас дәуірінің жаңа кезеңіне ( неолит) б.з.д. 40-30 мыңжылдыққа тән мыңдаған тас кұрал-сайман, қару-жарақ табылды. Тоқтауыл казбасының төменгі мәдени қабаттарынан палеолит кезеңінің (б.з.д.600-400мыңжыл) бірқатар кұралдары табылды, болашақ зерттеулер оны толығырақ анықтамақ.Егер ол анықталса Ұлытау тарихы б.з.д.600-400 мыңжылға дейін тереңдемек.

Қола дәуірінің (б.з.д 11—I мыңжылдық) қонысы қазіргі Жезқазған кенді аймағында жақсы сақталған ескерткіш.Ертеден бері Жезқазған кенінің өз басында болған көптеген мекен-жайлар жойылып кетті.Ұзақ жылдардан бері (1992-ден) зерттеліп келе жатқан қоныс түрғындары тұңғыш металл (мыс) балқытып, одан бұйым жасаған.Шетелдік ғалымдар қызығушылығын туғызып отырған осы қоныстан аршылған ондаған мыс балқытқан көне пештерді зерттеу нәтижесі тұңғыш металургтердің өндіріс процестерін қалпына келтіруге мүмкіндік туғызады.Қазіргі зерттеу мен табылған еңбек құралдары тұрғындардың шебер металлург болумен қатар, егін егіп, мал өсіргенін, аң-аулап құрал -сайман жасағанын көрсетіп отыр.

Осы  кезең  қорымының материалдары  бұл  кез тұрғындары  алғашқы қауымдық кұрылыс сатысында болғанын көрсетті.Қорым ортасындағы үлкен және күн бейнелі дөңгелек қоршау ішінде ру басы қойылыпты, оған жалғастырыла салынған көп лахатты төртбұрышты және кіші дөңгелек қоршауларда қоғамның қарапайым мүшелері жерленген.Алайда, әлі  мүлік теңсіздігі байқалмайды.

Зерттелініп, болашақ аспан астындағы мұражайға айналдыруға айналдырылмақ үшінші ескерткіш Айбас дарасы мавзолейі.Оны 1957 жылы академик Ә.Х.Марғүлан тауып, оңтүстік бөлігін ашқан болатын.Сол жердегі ортадан шетке қарай кеңейте орналасқан бөліктерден, құрбандыққа шалынған мал сүйектері мен ғұрыптық сусындар құйылған 40-қа жуық әсем өрнектелген қыш ыдыстар және ортасында тас жәшіктен алтын білезік табылған.

Қазір оның солтүстік бөлігі аршылып, б.з.д.ХІ-ІХғ.ғ.аралығында салынған ғұрыптық-сәулет өнерінің туындысын халыққа көрсетілу шаралары қарастырылуда.

Мавзолейдің шығыс жағында осы зәулім құрылысты салған құрылысшылар мекені табылды . Сонымен қатар, өлген кісіге арналған құрбандық шалған орын мен ас пісірген орын да ашылды.

 

ҰЛЫТАУ

НОМАД

 

 

Тарих

Ақиқат пен аңыз

Жер бедері

Су қорлары

Өсімдіктер мен жануарлары

Пайдалы қазбалары

Ауа райы

Ұлытау ұландары

Лирикалық толғаулар

Мәдениет

Тарихи ескерткіштер

Фотоальбом

Экономикалық-әлеуметтік жағдайы

Жаңалықтар

 

№1Ұлытау орта мектебі

Ұлытау ұлттық тарихи, мәдени және табиғат қорық мұражайы

 

Әдебиеттер

Форум

Хат қоржын

 

 

 

Hosted by uCoz