|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||
|
|||||||||||||
|
|
||||||||||||
Орыстарға Кремль қандай қадірменді болса, меніңше қазақ елі үшін Ұлытау да соншалықты қастерлі... Қ.И.Сәтбаев.
Ел жадында ертеден сақталып келе жатқан тамаша бір, бүкіл жан дүниеңді баурап алатын аңыз күй бар. Ол – “Ақсақ құлан” күйі. Осы күй туралы атақты музыка зерттеушісі, академик Ахмет Жұбанов “Ғасырлар пернесі” жинағында мынадай әңгіме айтады: Ханның маңдайына біткен жалғыз ұлы Жошы құлан аулауға құмар екен дейді. “Құлан аулау қоян аулау емес, қауіп-қатері көп” деп оны аңға жалғыз жібермейді екен. Күндердің күнінде ханзада әкесінен ұрланып, аңға бір өзі шығып кетеді, бір жерлерге келгенде жайылып жүрген бір үйір құланды көреді. Қуғаннан екі көзі жайнап, қорамсағынан сұр жебесін суырып алады да, жазықсыз жануарларды қынадай қырады. Қырудың қызығына түсіп кеткен ол, оғының таусылғанын да білмей қалады, ханзаданың қауқарсыз халін сезген көсем құлан оны қос өкпеден қос аяқтап теуіп айдалада өлтіріп кетеді. Ұлы хабар-ошарсыз кеткен соң, бір сұмдықты білген хан жаман етті естуге дәті бармай, былай деп жар салады: “Кім де кім баламның естіртер болса, аузына қорғасын ерітіп құямын”. Мұндай сөзді естіген соң, жаман хабарды барып айтуға кімнің батылы жетсін! Ешкім тіл қатып, тіс жармайды. Бір күні тақта отырған ханның алдына қызметшісі жүгіріп келеді: “Алдияр тақсыр, ханзаданың хабарын білем деп есік алдына бір кісі келіп тұр” дейді ол. Хан “Кірсін” деп әмір етеді. Ішке қолында домбырасы бар бір кісі енеді. Хан: “Жолаушым, білгеніңді жасырмай түгел айт”, - дейді. Сонда күйші қолына домбырасын алып: “менің білгенімді екі шек пен бір тиек айтып береді”, - деп күмбірлетіп жөнеледі. Күйдің алғашқы шумақтарынан шапқан аттың тұяқ дүбірі естілгендей болады. Көзінің қарашығындай жалғызы үй жанына кеп қалды ма деп жүрегі тулап қоя береді. Ханның жүзіне қан жүгіріп, шырайлана түседі. Бірақ осы мезетте үстіңгі шектен жан дүниеңді әлем-тапырық еткен орны толмас өкініш пен қайғының сұмдық сарыны құлаққа келген еді. Домбыра адамша жылап, адамша егілді. Хан қабағын демде қара бұлт жайлап, еңсесі түсіп қоя береді. Қол созған жақсы үміт көзден ғайып боп, көңілін қапалықтың ауыр мұңы басады. Ендігі сәтте күйші құланды көрген ханзаданың қуана салған әнін, ажал алып зуылдай ұшқан сұр жебенің дыбысын, өлімнен қашқан аңдардың тұяқ дүбірін суреттегенде, хан ойы отызға бөлінеді. Күй тілін түсінуді бұған несін жазды екен тәңірі! Күй шарықтап, шырқау шегіне жетті, кенет арындаған екпін кілт үзілді де, домбыра көмейінен жан тәсілім еткен жанның ақырғы демі естілгендей болды. Ханның өңі сазарып қоя берді де, орнынан атып тұрды. Екі көзіне қан толып, бармағын тістелей берді. Күйші бұл кезде бастапқы қаралы тақырыпқа қайта оралып, күй екпіні әлсіреп, қайраты кеміп, дүниеден көшіп бара жатқан пенденің жете алмай кеткен арманын айтып, жанары сөніп бара жатқандай еді. Хан жас жуған жүзін екі алақанымен басып отырып қалды. Бірақ есін тез жинап алды да, өз әмірін екі етпей орындамақшы боп: “Жалғыз ұлымның жапанда мерт болғанын естірттің, жазаңды ал ендеше” , - деді де, жақсыны да, жаманды да, айтыпсың, осымен өмірбақи үні өшсін деп, домбыраның көмейіне балқыған қорғасын құйдырады. Осы тақырып аясында айтылған ел аузындағы әңгімелердің қатарына “Ақсақ құлан” күйінің қалай шыққаны жайлы аңыз да жатады. Жошы ханның өлімін Шыңғыс ханға қалың қазақтың аузында аты аңызға айналған, есімі әсіресе Ұлытау өңірін мекендеген елге етене жақын тұлғалардың бірі өз заманындағы кемеңгер қолбасшы, дәулескер күйші Кетбұғы есірттірген еді, оның домбырасынан күй төгіп отырып, Шыңғыс ханға сондағы айтқаны мынау еді дейді аңыз: “Уа, иеміз, Шыңғысхан! Домбыра не деп жырлайды, Сарнап дауысын қырнайды, Құлағың сал осыған... Ақсақ құлан, қу құлан, Қияннан қашқан ту құлан, Қиырсыз құба далада, Аңда жүрген балаңа Кез болып бір қашыпты, Белден белге асыпты. Ақсақ құлан, Жошы хан, Елсіз құба далада, Қат-қат бұдыр салада, Мекендеп өрген, өрбісіп, Ордалы құлан жосыған. Қуып ақсақ құланды, Мінгені тұлпар құнан-ды, Ордалы үріккен құланға Құйғытып ойнап қосылған, Өлім деген Тәңір ісі, Желіккен құлан әңгісі, Құнан мен тұлпар еліккен, Жосыған құлан желіккен, Балаңды шайнап өлтіріп, Жалмалап, жалмап кетіпті, Ордалы құлан шошыған. Жұрттың аузы бармаған, Сөзді айтып жырлап зарлаған Домбыраның балаңды Естірткені осы, хан! Өзгеге артпа жалаңды, Еліктірген балаңды, Сол қу құлан, ту құлан, Балаң өлді – Жошыхан! Нансайшы, ханым осыған!” |
|
|
|
|
• Тарих • Ауа райы • Мәдениет • Экономикалық-әлеуметтік жағдайы
• Ұлытау ұлттық тарихи, мәдени және табиғат қорық мұражайы
• Форум
|
||
|